Соңғы үш жылда бюджет саласының 1,2 млн-нан астам қызметкерінің жалақысы өсті

Соңғы үш жылда бюджет саласының 1,2 млн-нан астам қызметкерінің жалақысы өсті

2022-2025 жылдары елімізде бюджет саласы қызметкерлері мен экономиканың жекелеген секторларында еңбекке ақы төлеуді арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылды деп жазады Democrat.kz

Нәтижесінде, жалақының өсуі 1,2 млн-нан астам азаматты қамтыды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.

Атап айтқанда, әлеуметтік саладағы 38 мың қызметкердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 600 мың педагогтің еңбекақысы – 25%-ға, 6 мың медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына жататын 600 мыңға жуық адамның еңбекақысы орта есеппен 20%-ға артты.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» тобының өндірістік персоналына еңбекақы төлеудегі алшақтық қысқартылды. 

 Дереккөз: Үкімет

Барлық жаңалықтар