Стамбұлдағы қонақүй өртеніп, 12 адам ауруханаға жеткізілді

Стамбұлдағы қонақүй өртеніп, 12 адам ауруханаға жеткізілді

Түркияның Стамбұл қаласындағы алты қабатты қонақүйде өрт шығып, жеті адам жоғарғы қабаттарда қамалып қалды. Құтқарушылар оларды эвакуациялады, ал жалпы 12 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп жазады Democrat.kz.

Өрт Стамбұлдың Джевизлик ауданындағы алты қабатты қонақүйде болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт бірінші қабатта басталып, кейін ғимараттың қасбеті арқылы жоғары қарай тараған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жіберілді.

Жоғарғы қабаттарда жеті адамның шыға алмай қалғаны анықталған.

Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт салдарынан 12 адам зардап шегіп, алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханаларға жеткізілді. Өрт шамамен бір сағаттан кейін толық сөндірілген. 

Барлық жаңалықтар