Мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген "Қазақстан республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары" атты құжатта Қазақстанның жалпыұлттық нышандардың тізімі айқындалды деп жазады Democrat.kz. Сайты Informburo.kz. Сайтына сілтеме жасап
"Елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық нышандардың тізімін жасау – әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе. Ұлттық нышандар елдің өзіне тән ерекшелігін тануға, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға ықпал етеді", – делінген құжатта.
Жалпыұлттық нышандар:
ұлттық ұран – "Алға, Қазақстан!";
ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс;
ұлттық кітап нышаны – Абайдың "Қара сөздері";
ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ;
ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра;
ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ;
отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – "Қазақстанда жасалған", "Made in Qazaqstan";
ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan.
"Жалпыұлттық нышандардың осы тізімі елдің бірыңғай нышандар жүйесін және брендін қалыптастырады. Ұлттық нышандар жалпыұлттық айдентиканың, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының базалық элементтеріне айналуға тиіс. Ұлттық нышандар салтанатты рәсімдерді, қоғамдық-саяси, гуманитарлық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қолданылуы мүмкін", – делінген құжатта.