Германия азаматы Герхард Шуг өзін-өзі өлтіруге тырысқаннан кейін өлімге жақын кезеңде " тозақты " көрген тәжірибесімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Герхардтың емі жоқ ауыр науқасы болған. Мойын омыртқасының жарақатының салдарынан сал болып, төсекке таңылған, өкпенің ауыр қабынуы, Паркинсон ауруы, биполярлық бұзылыс сияқты түрлі дерті болған деп жазады Daily Mirror басылымы.
2019 жылы оның сүйікті кенже қызы Таня қайтыс болды, содан кейін Russiaбатып, өзін жалғыз сезінді.
"Мен оны қатты сағындым. Менің өмір сүргім келмеді, сол кезде мен өзімді жалғыз сезіндім. Таня екеуміз өте жақын қарым – қатынаста болдық", - деген Герхард ақырында қызымен тезірек қауышуға шешім қабылдаған.
"Мен өлімнен кейінгі өмір бар екеніне сенімді болдым", - деген Герхард Шуг өзіне қол салады.
Оның айтуынша, ол аурухананың реанимация бөлімінде оянып, клиникалық өлімнен аман қалғанын түсінген.
"Мен оянған кезде өлім мен өмір арасындағы өзім көрген жағдайлар жадымда мәңгі сақталды. Мен бәрін жақсы есімде сақтаймын.
Жаным денемнен ұшып шыққанда, Қытай немесе Жапония сияқты биік шатыры бар сұр түсті үлкен тас сарайды және сол жерде тұрған тақты көрдім.
Бұл тас блокқа ұқсайтын арқасы жоқ жалпақ тақ болды және ол жерде шайтан отырды. Ол жоғарыдан төменге қарады, теңізге қарай созылып жатқан айлаққа қарады. Айлақта қайықтар бар еді. Бұл қайықтар сол жерде байланып, рухтар шайтанға жеткізілді", – дейді Шуг.
Оның айтуынша, ол жерде ауа өте ыстық болған. Біраз уақыттан кейін ол рухтардың таңдауы болып жатқанын түсінген.
"Кейбір бөлігі шұңқырға салынып, арыстандардың тырнақтарының астына тасталып, паршаланып жатты. Барлық жағдай қорқынышты болды. Мен қорқып кеттім. Мен өзімді қорқынышты оқиғалардың қақ ортасында жүргендей сезіндім – мен шайтанның қасында отырдым және бәрін көрдім. Бірақ мен ол жерде болудан емес, ондағы адамдардың паршаланып жатқанынан қорықтым. Мен білемін, кейбіреулер бұл естен ауысу немесе қияли әңгіме белгілері дейді, бірақ мен мұны өзім бастан өткергенімді білемін және бұл менің басымнан өтті", – деген Герхард оянған соң өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгергенін айтады.