Жангелдин ауылындағы төрт адамды өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сотта Сұлтан Сәрсемалиев қылмыс жасағаннан кейін Меккеге барғанын, кейін Индонезияда өмір сүргенін, Интерполға мойындағанын және тағы да қылмыс себептерін түсіндірді. Ол сотта өз кінәсін толық мойындайтынын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz. сайты "Ақжайық" басылымына сілеме жасап.
Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиевтың ұялы телефонында өзін қайын атасы екеуі қосылып, соққыға жыққысы келгені туралы аудиожазба бар екенін айтты. Алайда ол оның сим-картасын Балиде қалдырып кеткенін, алайда аудиожазбаны сотқа ұсынуға болады деп қосты сосын.
- Наурыз Мұқанғалиевтың телефонында сол жазба бар, – деді ол.
Сәрсемәлиевтің сөзінше, кейін оны дәл осы телефон арқылы анықтаған. Атыраулық хакер өзі туралы интернетке шығарған кезде сол телефон арқылы тауып алғанын түсінгенін айтты.
Сондай-ақ Сәрсемалиев аудиожазбада Наурыздың: «Әкем екеуміз соғып тастайтын едік, бірақ балалардың көзінше аядық», – деген сөзі бар екені айтты.
- Мұны өзімді ақтау үшін айтып отырған жоқпын, тек нақты жағдайды баяндап отырмын, – деді ол.