"Сұлу қызбен оңашада демалмақ болған" еркектер ақшаларынан айрылып, тұздалды

"Сұлу қызбен оңашада демалмақ болған" еркектер ақшаларынан айрылып, тұздалды

Астанада "романтикалық күндерге" арналған алаяқтықтың ерекше схемасы ашылды, деп хабарлайды Democrat.kz. Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір топ қыз танысу сайттарында ер адамдармен танысып, жалдамалы пәтерде қарым-қатынасты жалғастыруды ұсынған. 

Барлығы ақылға қонымды болып көрінуі үшін, олар Астанада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар берген.

Хабарландыруларға әдемі үйдің фотолары қойылып, бір тәулікке "брондау" ұсынылған. 

Ер адамдар әлгі пәтерді брондау үшін алдын ала  ақша аударып, жаңа танысқан сұлу қызбен кездесуге үміттенген.

Бірақ іс жүзінде мұндай пәтерлер мүлде болмаған. Ақшаны алғаннан кейін қыздар хат алмасуды тоқтатып, жәбірленушілердің нөмірлерін бұғаттап отырған. 

Прокуратураның мәліметінше,  45-тен астам адам осылай алданып, құрбан болған. Залалдың жалпы сомасы шамамен 620 мың теңгені құрайды. 

Сот айыпталушылардың кінәсін мойындап, залалды өтегенін ескерді. Үш қызға 3 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығын шектеу тағайындалды. Сондай-ақ оларға пробациялық бақылау және міндетті мәжбүрлі жұмыстар жүктелді.

Үкім қазірдің өзінде заңды күшіне енді. Прокурорлар интернеттегі мәмілелер кезінде ақпаратты тексеру және бейтаныс адамдарға ақша аудармау маңызды екенін еске салды.

Барлық жаңалықтар