Таяуда ғана жөнделген Сәтбаев–Жезді жолы тұрғындардың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Таяуда ғана жөнделген Сәтбаев–Жезді жолы тұрғындардың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Ұлытау облысындағы  Сәтбаев–Жезді автожолының сапасына қатысты әлеуметтік желіде қызу талқылау жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz

Ұлытау облысының тұрғындары таяуда ғана күрделі жөндеуден өткен жолдардың сапасы сын көтермейтініне наразы.

Әлеуметтік желілерде тараған фото және видеоларда жөндеуден өтті деген жолдың кей бөліктері бұзылып, жарықшақтар пайда болғанын байқауға болады.

Тұрғындар жолдың талапқа сай жөндеу көрмегенін, бюджет ақшасының желге ұщқанын айтуда. 

Мұнан бөлек наразы жұрт жолды жөндеуге жұмсалған қаржының есебін сұрап, тиісті орындарға сауал жолдауда. Сондай-ақ олар жөндеу жұмыстарын қабылдап алған мамандардың әрекетіне қатысты сұрақтар көтерген.

Сонымен қатар облыс халқы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясын да сынға алып, жол сапасына тиісті бақылау жүргізілмегенін айтуда. Олардың сөзінше, егер қабылдау кезінде сапа талаптары мұқият тексерілген болса, мұндай жағдай орын алмас еді.

Әзірге мәселеге қатысты ресми органдар ешқандай түсініктеме бермеді. Тұрғындар жауапты мекемелерден жолдың техникалық жағдайына тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктерді мердігер компания есебінен қайта қалпына келтіруді талап етуде.

Барлық жаңалықтар