Тәжіктер қажылыққа баратын ақшасын ауылын көркейтуге жұмсап жатыр

Тәжіктер қажылыққа баратын ақшасын ауылын көркейтуге жұмсап жатыр
Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысының Шахристан ауданында шамамен 100 тұрғын қажылыққа баруға жинаған қаражатын ауылды дамытуға жұмсаған деп жазады Democrat.kz.
 
 Жалпы жиналған сома 3 миллион сомониден асты (320 $).
 
Бұл туралы аудан әкімі Рабим Ғафурзода баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім мәжбүрлеусіз, жергілікті имамдармен бірге жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қабылданған.
 
«Бұл идеологиялық жұмыстың нәтижесі. Біз ешкімге умраға барма немесе 15 мың сомони садақа бер деп талап қойған жоқпыз. Мұндай ұсыныс тұрғындардың өздерінен түсті. Қаражат махалла мен жамағат басшылары арқылы жиналып, міндетті түрде есепке алынды», -деді аудан әкімі.
 
Жиналған қаржы жолдар мен көпірлерді жөндеуге, электр желілерін жақсартуға, балабақшалар мен басқа да әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге жұмсалған.
 
Тәжікстан үшін бұл сирек жағдай. Бір ауданның өзінде осыншама көп тұрғынның жеке қаражатын қажылық сапардан саналы түрде бас тартып, туған ауылын дамытуға бағыттауы елде кең талқылауға түсті.
 
Мұндай бастамалар соңғы жылдары жиілей бастаған. Бұл үрдіс президент Эмомали Рахмонның қажылыққа қайта-қайта баруды ашық сынауынан кейін күшейгені де айтылады.
 
Қажылық исламдағы бес парыздың бірі болғанымен, Тәжік қоғамында бұл мәселеге көзқарас әртүрлі. Бірі діни міндетті алғашқы мүмкіндікте орындау керек десе, енді бірі қаржыны елді мекенді дамытуға жұмсауды жауапты шешім деп санайды.
Барлық жаңалықтар