Танымал әнші, продюсер Мөлдір Мұқанованың әпкесі Айгүл Түлкібай сіңлісі туралы жұрт білмейтін шындықтарды жайып салды деп жазады Democrat.kz.
Таяуда ғана "Үш қуаныш, бір той" деп дүркіретіп той өткізген Мөлдір Мұқанованың тойдағы кей әрекеттерін сынға алған жұртқа Айгүл Түлкібай: "Мөлдір - ерке қыз. Еркелігі сақталып қалған. Бүгінге дейін тәлпіш деуге болады. Кішкентайынан бетінен қақпай, әбден еркелеп өсендіктен Мөлдір қазір де сол еркелігін жасайды. Тойдағы қылықтары да соның айғағы", - деп жауап беріп, бауырын қорғады.