Жақында ғана тойлары болған танымал актерлер Дариға Бадықова мен Олжас Абай журналист Динара Сәтжанға арнайы сұхбат беріп, жұрт білмейтін біраз жайттары туралы сөз етті деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай таяуда ғана ресми некелерін қиып, ұлан-асыр той жасаған болатын.
Динара Сәтжанға берген сұхбаттарында Олжас Абай: "Жақсының жасылығын айту керек дейді. Әулетімізде жақсы жаңалық болып жатыр. Айта берсек, әңгіме көп.
Толқып отырмыз. Той әдемі болды. Ең күшті сыйлықты өзіміздің ағамыз, кино жолындағы бір қадам алға жылжуымызға себепші болған Алмас Малдыбаев 5 млн тойана берді", - деп, алғысын білдірді.
"Түнгі сағат үшке дейін тойға түскен ақшаны санадық. Тойымыз өз шығынын жапты. Менің екі қонағым той шығынын жауып тастады", - дейді Очоу.