Айта кетейік, Айгүл Иманбаева немересінің тұсаукесер тойын жасаған еді.
“Бұл қыз – ерекше. Бізде бір ата-әже болса, Айсұлуда – төртеу. Құшағымызды жайып, жақсы көріп тұрамыз. Саналы, салиқалы ұрпақтардан болсын! Қолымыздағы барымызды береміз. Бүгінгі мерекесіне өз атымнан алтын сырға мен бриллиант сыйлаймын", – дейді Динара Абдуллина.
Одан кейін журналист Анна Данченко көпшілікке Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегін таныстырды.
“Ағамыздың қазіргі жары да – актриса. Күйеуінен 16 жас кіші. Сәбит мырзаның үш әйелінен 8 баласы бар. Той ерекше өтті”, – деп жазды журналист.
Айта кетейік, көпшілік Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева немересін әнші Алтынай Жорабаеваның қыздарына ұқсатып жатыр.