Белгілі актриса Гүлнәр Байбосынова да әйгілі Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірі. Бұл туралы актрисаның өзі мойындап, айтты, деп жазады Democrat.kz.
«Алаңға келдік. Сонда жігіттер «Гүлнәр, сенің дауысың жарқын шығады. «Әр ұлтқа өз басшысы» деп айғайлашы деді. Мен айқайладым. Халық мені сол жерде қолдап, ол маған сондай ұнап...
Бір жағынан балалық та болды ма, білмеймін. Сол жерде мен суретке түсіп қалыппын. Мен оны өзім білмеймін. Одан кейін Желтоқсан оқиғасы бітіп, тергеу басталғаннан кейін мені суретімнен танып, аялдамадан ұстап әкетті.
Қасымда Сәуле деген жолдас қызым бар еді», – деді өзіне қатысты не үшін іс қозғалғанын баяндаған Байбосынова.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)