Түркиядан тауар тасып, өзінің шағын кәсібін дөңгелетін отырған Назира Ералы өзін "Дикий Арманның" оң қолы саналатын, Айнұр Тұрсымбаеваның күйеуі "Нойсың" қорқытқанын айтты деп жазады Democrat.kz.
"Мен Стамбулға барғанымда шынайы қауіп-қатер басталды: белгісіз адамдар қоңырау шалып, мекен-жайымды, балаларым қайда оқитынын айтты. Тіпті Нойстың адамдарынан да қоңыраулар болды.
Әкеме айтып едім ол Өмірге хабарласып, «біз арыз жазамыз» деді. 5-мин кейін Өмір аға Расписка жазып, ақшаны қайтаруға уәде етті және Аллаһқа ант берді. Бірақ ақша уәде еткен уақытта келген жоқ.Кейін қоңырау шалсам — ол мені блоктады. Мен ЕГОВ арқылы арыз бердім.
Екі жылдан келгенімде Қазақстанға келдім — мені іздеуде екен. Астанаға барып, тергеу хаттамасын оқыдым — Өмірге деген пікірім толық өзгерді, өтірік көп екенін көрдім.
Екінші жолы мен Несибелінің анасымен Астанаға адвокатқа бардым, барлық дәлелдерімді көрсеттім — қолжазбалар, чектер. Адвокат анасымен очная ставка жасауды ұсынды, бірақ тергеуші рұқсат бермеді.
1-ай бұрын министрлікке, КМБ-ге, жергілікті және бас прокуратураға хат жаздым, жауап жоқ.
Өмір әлі қамауда емес, ақшаның Арманда екенін айтады, ол шетелде дейді. Тергеу «Арман куәлік бермейінше, мен шектеуде боламын» дейді.
Өмірден Арман қандай адам десе жасқсы жігіт дейді,қайла десе байланыс жоғалып кеткен дейді,сонда 53млн беріп қалай ұмытылып кетеді.
Қазір іс қысқартып, сотқа жіберілмек. Тергеу үнсіз, Өмір қамауға алынбаған.
Неге деп ойлайсыздар?" Деп жазды кәсіпкер.