"Тәубе!": Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі өмірі туралы сыр шертті

"Тәубе!": Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі өмірі туралы сыр шертті

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында қазіргі өмірі мен ішкі сезімдері туралы жазба жариялап, оқырмандарына сұрақ тастады деп жазады Democrat.kz.

"Сәуір болды, енді бәрі де тәуір болар.

Дәл қазіргі шақтағы көңіл сарайым тамаша. Шүкір.
Үйімізден қонақ үзілмей, талай тілек тіленіп, бата беріліп жатыр. Балалар өз болашақтарына әрекет қылып келеді. Рәбия Сұлтанымыз жасына сай дамып, еңбектеп қалды. Ай астындағы жылжып жатқан әдепкі тіршілік үшін тәубе деймін.

Тәубә! Бірақ шүкір айту ертерек сияқты. Олай деуімнің себебі, айнадағы бейнем былай деді: 
“Өнердегі жасайтын шаруа бастан асатындай сезіледі. Иә, бұған дейін де жасағанымыз бар. Көпшілік үшін көлемі бармақтай болғанымен, өзің үшін салмағы мың батпан еді.

Егер бізде шұғылалы нұр демейін, жіптік сәуледей зерде болса, таудай демейін, тобықтай талап болса, бармақтай демейін, тырнақтай бақ болса, ол - бізге сұраусыз берілген сый емес. Несие.

Өнер жолында парыз арқалатқан, қоғам алдындағы қарызымыз. Демек, әлі де құнды, мәнді, мазмұнды шығармашылық алдағы уақыт еншісінде!”. Мен айнадағы бейнеммен келіскендей болдым. 

Сырлас оқырманым, айнадағы бейнеңіз не дейді? Дәл қазір СІЗДІ қандай ойлар мазалап жүр?
Егер екеуміз кофелетсек, не жайында сырласар едік?"деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Барлық жаңалықтар