Петропавл қаласының дене шынықтыру пәні мұғалімі Анатолий Висельский Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
Висельский турникке екі саусағымен ғана ілініп, ерекше төзімділік көрсетіп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Мұғалім турникке 2 минут 7 секунд бойы ілініп тұрып, бұрынғы рекордты жаңартты. Бұған дейінгі ең жоғары нәтиже италиялық спортшы Марчелло Ферриге тиесілі болған — 2 минут 1 секунд.
Қыркүйек айында өтінім жіберіп, жарты жылдан кейін рекордтың ресми түрде расталғаны туралы сертификат алған.