Тірідей жерленіп, қабірдің ішінде не болатынын көзбен көрді

Тірідей жерленіп, қабірдің ішінде не болатынын көзбен көрді

Адам өлген соң не болады деген сұрақ әрбір пендені мазалайтыны шындық. Өлімнен кейінгі жағдайды әр діннің өкілі, әр ұлттың өкілі өз пайымдарына қарай елестетіп, ойлайтыны даусыз деп жазады Democrat.kz.

Түркиялық блогер қабірге тірідей жатып, көмілген соң басынан не өткені туралы айтып берді. 

"Тастай қараңғы топырақтың ішіне түскен соң, кәдімгідей тәубеме келдім. Көзімнен жас төгіліп, өзімнен өзім тілім кәлима шахадатты айтып, қатты қиналдым. 

Бірер минуттардан кейін қабірдің іші тарылып, қыса бастағандай болды. Алладан тек жәрдем сұрап, жалбарына бердім. 

Қабірдің іші сондай қорқынышты, суық еді. Мен қорқыныштан жалынып, қабірден шыққан соң намазымды қаза етпеуге, ораза ұстап, қажылыққа баруға уәде бердім" деген блогер қалған өмірін Аллаға құлшылық етіп өткізем дейді. 

Барлық жаңалықтар