Қазақстан" арнасының "Қайырлы кеш" бағдарламасына қонаққа келген Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров осыған дейін сақтап келген құпиясын айтты деп жазады Democrat.kz.
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқанында қасына қандай заттар алып кеткенін айтты.
"Мен өзіммен бірнеше заттар алып кеткен едім. Бірінші құран сүрелерін, сосын Қорқыт атамыздың жатқан жерінен топырақ алдым.
Арнайы қапшық жасатып, соған сол топырақтан салып алдым. Ешкімге айтпай, өз әйелімнің карточкасын алып кеттім. Кейін оралған соң әйеліме "Таня, сен де ғарышта болдың" дедім.
Ол "қалайша" деп түсінбеді. Мен оған карточканы көрсеттім. Сенің карточкаңда "Ғарыш кемесі" деген мөр басылған", дейді Тоқтар Әубәкіров.