Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде көпшіліктің қызығушылығын тудырған жазба жариялады, деп жазады Democrat.kz. сайты Malim.kz.-ке сілтеме жасап.
Ол Instagram парақшасында оқырмандарына үн қатып, көптің көкейінде сұрақ қалдырған.
"Сәлем бердім! Қалайсыздар?! Бәрін көріп-біліп отырған шығарсыздар! Менің де айтарым көп! Екінші тарапты күтіп отырмын. Жақсылықтың жаршысы болайық", – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.
Желі қолданушылары бұл жазбаны әртүрлі жорып, оны Төреғали Төреәлінің отбасына қатысты соңғы уақытта тараған ақпараттармен байланыстырып жатыр. Дегенмен Толқын Тұрарбекқызы әзірге жазбасының нақты неге қатысты екенін ашып айтқан жоқ.
Еске сала кетейік, танымал әнші Төреғали Төреәлі отбасында қуанышты жаңалық орын алып, ол жетінші рет әке атанған еді. Өнер иесінің жұбайы Толқын қыз баланы дүниеге әкелді. Осыдан кейін танымал айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде ер адамның босану кезінде әйелінің жанында болуы туралы өз көзқарасын білдірген болатын.