"Тренд директор" мұғалім болудың азапқа айналғанына таңғалды

"Тренд директор" мұғалім болудың азапқа айналғанына таңғалды
"Тренд директор" Ақмоншақ Нұртаза өзінің парақшасында "қашаннан бері мұғалім болу азапқа айналғанын" сұрап, таңданысын білдірді деп жазады Democrat.kz. 
 
Ақмоншақ Нұртаза парақшасында: "Қашаннан беру мұғалім болу азап болып кеткен? Осы жерде өте көп ұстаздар әсіресе жас мамандар мұғалім болудың қиын тұстарын көп жазып жүр.
 
Оқып жүрегім ауырды. Бұның бір шешімі, жолы болу керек. Жас мамандар шұғыл кездесіп бұны талқылайық…. Неге мұғалім болу қиын болып кетті?"деп сауал тастады.
 
Мектеп басқарып отырған Ақмоншақ Нұртазаның бұл сауалына әріптестері мұғалім болудың қандай қиын тұстары барын айтып, пікір жазуда. 
 
Сонымен мұғалім болудың қиын тұстары қандай?
 
"Сыныптан сыныпқа қалдыру жүйесін қайтару керек. Қазір 2 деген бағадан қорықпайды. Қорықпаған соң оқымайды. Оқымаса оқушының бос уақыты көп, бұзықтық істейді. Мұғалімнің, жас маманнын оты өшеді. Еңбектеніп сабақ өтесің. оқушы түк оқымайды бірақ 4 қоясың. Ашық сабақ, пед жарыстарда тәжірибе мен шеберлік емес шоу жеңеді".  
 
"Сабақ өтуден басқа жұмыстың бәрін жасап жүрміз.Өзіме өз сабағымды өту қәзіргі таңда арман болып кеткен. Жас мамандар мобилограф,видеограф,барып кел,шауып кел,ашық сабақтар,іс шаралар.Тағы сынып жетекшілік ,ата анамен баламен байланыс.Жалпы осының бәріне ешкімді кінәлемаймын.Әрине дұрыс жан жақты болған.Десе де кейде үлгермей қалып,көңілден шықпай қалған кездерде біраз қынжылып қалатынымыз бар". 
 
"Біздің мұғалім болғымыз келеді ! Психолог , мотиватор, аниматор, организатор, фотограф,видеограф , следователь , тренер , хореграф , әнші емес ! "
 
"Мысалы менің анам 60 жаста. Жарты жыл қалды пенсияға. Әлі жас маман сияқты дайындалады, қорқады басшылықтан. Мәселе басшылықта екен. Мектепті өз жеке меншігіндей көреді. Әйтпесем өз өзіне сенімді ұстаз анам. Бірақ кір іздесең әр адамнан табылады. Пед советтегі кемсітулерді естісең жаға ұстайсың. Апталық семинар өткізліре береді екен. Зерттеушілер апталығы деген бар екен ол не керегі бар десеңізші. Жас мамандарды тіпті жейді екен. Айта берсең көп ішің ашиды тіпті".  
 
"Көк журналды қайта орнату керек, бжб, тжб емес, бақылау диктантты қайта заңға енгізу керек, себебі бала шығарма жазбақ түгілі 2 ауыз сөздің басын қосып айталмайды, өз пәнім ағылшын мүмкін бала қиналар, бірақ өз сыныбымның (10 сынып) тарихтан, әдебиеттен сабақ айталмай кітапқа қарап оқып бергенін көріп, өзімнің тас ғасырында білім деген ұғымды сезінгеніме қуандым".
 
"Жас мамандарға ең үлкен кедергі, 10-20-30 жыл жұмыс істеп отырғандар. Бәрі демеймін. Олар жүйені өзгерткілері келмейді. Универсиальный жауап біз кезінде жасап тастағанбыз. Меніңше жас маманға сабақ беруге мүмкіндік беру керек, анау мынауға жүгіруге емес". 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар