Әлеуметтік желіде тараған видеода қараңғы түнде қазақтардың жерлеу рәсімін жасап жатқан видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Видеода байқасаңыз, атпалдай азаматтардың қабірге жерлеу рәсімін жасап жатқанын көруге болады.
Сондай-ақ, бұл кісілердің басқа емес, қазаққа ұқсайтынын аңғару да қиын емес.
Марқұмды түнде жерлеуге қатысты осы видеоның астында қызу пікірталас жүріп жатыр.
Бір тарап "қазақ мәйітті түнде жерлемеген", "қазақ мәйітті үйде үш күн сақтаған" десе, қарсы тарап "жоқ, өлген кісіні күн-түнге қарамай, бірден жерлеу керек" дегенге саятын пікірлер жазуда.
Сонымен қатар осы видеоның астында түрлі оқиғалар туралы дүниелер де жазылуда.