Тұрғын үй саясатының салдарынан президент пен отбасы үйсіз қалды

Тұрғын үй саясатының салдарынан президент пен отбасы үйсіз қалды

Басқа едердің мемлкет басшылары үй былай тұрсын, миллиардтаған ақшаларын қайда қоярын білмей, шалқып өмір сүріп жатыр. Ал Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён жұбайы Ким Хе Гён екеуіне тиесілі болған жалғыз пәтерін сатты деп жазады Democrat.kz.

Мәміледен кейін мемлекет басшысы тұрғын үй саясаты мәселелері жөніндегі үкімет отырысында енді өзінің жеке баспанасы жоқ екенін мәлімдеді.

Ауданы 164 шаршы метр болатын пәтер Сеул қаласына жақын орналасқан Соннам қаласында орналасқан. Ерлі-зайыптылар бұл жылжымайтын мүлікке 1998 жылдан бері иелік еткен.

Пәтер биыл ақпан айында 2,9 млрд вонға (шамамен 1,9 млн АҚШ доллары) сатылымға шығарылып, көрсетілген бағамен сатылды.

Бұл шешім Оңтүстік Корея билігінің жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға бағытталған саясаты аясында қабылданған. Үкімет өздері тұрмайтын баспанасы бар азаматтарды мұндай мүлікті инвестиция немесе алыпсатарлық мақсатта ұстамай, сатуға шақырып отыр.

Билік бұл саясат тұрғын үй қорын көбейтіп, бос тұрған пәтерлер санын азайтуға және баспана бағасының өсуін тежеуге ықпал етеді деп күтеді.

Президент жеке мүлкін сату арқылы реформаларды өзі де ұстанатынын көрсетіп, халықтың сенімін арттыруды мақсат еткен.

Сонымен қатар Ли Чжэ Мён мен жұбайы баспанасыз қалмайды. Олар қазіргі уақытта Сеулдің Ханнамдон ауданындағы ресми президенттік резиденцияда тұрып жатыр.

Барлық жаңалықтар