Қылмыс жазда Қошқарата ауылында болған. Тергеу дерегіне сәйкес, 14 жастағы жасөспірім бірінші сынып оқитын қызды алдап, көпірдің астына ертіп апарып, күш қолданған деп жазады Democrat.kz.
Жәбірленуші тараптың туыстары полицияға шағым түсірген. Күдікті ұсталып, сот-медициналық сараптама жыныстық зорлық фактісін растады.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ. Соған қарамастан, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді.
Сонымен қатар сот оны 8 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.