"Тұрсын Алагөзов берген сөзін бұзғаны үшін бізден кешірім сұрасын!" деген кәсіпкердің экс-әйелі жұрт білмейтін шындықтың бетін ашты

"Тұрсын Алагөзов берген сөзін бұзғаны үшін бізден кешірім сұрасын!" деген кәсіпкердің экс-әйелі жұрт білмейтін шындықтың бетін ашты

Таяуда кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Айсәуле Бақытбекқызына сұхбат беріп, сол жерде балаларының "Алагөзов" деген тегін ауыстырғанын айтқан еді. Осыған байланысты пікір білдірген кәсіпкердің бұрынғы әйелі Ляйсира Маратқызы мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"Тұрсын Алагөзов сұхбатында "балаларым тегін ауыстырып жіберді" депті. Және осыған да менің ықпалым болды депті. 

Біріншіден, Арсен мен Әмина "Алагөзов" деген тегінен бір күнде бас тартпады. Әкелерінің жасаған қиянаты екі балама да оңай тимеді. 

Тұрсын Алагөзов, сен менен және балаларымнан кешірім сұрауға тиіссің! Біз соны күтіп жүрміз.

2015 жылы күміс тойымызды тойлағанымызда сен "некемізге адал болуға" ант бергенсің. Ал осы антыңнан кейін дәл бір жыл өткенде айнып, басқа әйелге кеттің. 

Бұл қылығың балаларға өте ауыр қиянат болды. Олар антына адал бола алмаған, уәдесінде тұра алмаған адамның фамилиясымен жүргісі келмеді. Сол үшін де "Алагөзов" тегінен бас тартты" деді Ляйсира Маратқызы. 

 

Барлық жаңалықтар