Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Айсәуле Бақытбекқызына берген сұхбатында даусы бұзылып, жылап қалды деп жазады Democrat.kz.
Айсәуле Бақытбекқызы кәсіпкердің өткені мен бүгіні туралы түрлі сұрақтар қойып, ауқымды сұхбат алды.
Сұхбат барысында тақырып Тұрсын Алагөзовтің анасына ауысқанда: "Шешем балалар үйінде тәрбиеленген. Бауырым Асқар екеуміз шексіз махаббатқа бөленіп өстік. Бізге анамыз ешқашан дауыс көтеріп, ұрысқан емес. Ренжіткен емес. Біз сондай ананың шексіз махаббатына бөленіп өстік..." деп әрі қарай сөзін жалғай алмай, жылап қалды.
"Менің осы күнге жетуім - анамның шексіз махаббатының арқасында" дейді Тұрсын Алагөзов.