"Тұрсынбек құлап қалды" деген Мөлдір Мұқанова ауруханадағы жағдайды айтты

"Тұрсынбек құлап қалды" деген Мөлдір Мұқанова ауруханадағы жағдайды айтты

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова ауруханада өткен күндері мен сол кезде басынан кешкен ауыр жағдай туралы тарқатып айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Мөлдір Мұқанова өзін "Тұрсынбек құлап, ауруханада жатқанда, қасында болмаған" дейтіндерге жауап берді. 

"Тұрсекең құлады деп естігенде, мен Алматыдан Астанаға қайтып бара жатқан болатынмын. Балаларымның әкесіне не болды деген уайыммен, Астанаға жете салып, Алматыға кері ұштым. 

Ұшақта өткен бір жарым сағаттық уақытта ойыма не келіп, не кетпеді. Уайымнан, қорқыныштан аза бойым қаза болды. 

Аурханаға жеткенше, дәрігермен сөйлескенше, қара уайымнан арыла алмадым. Жан сақтау бөлмесінде жатқан Тұрсынбектің амандығына өзімен тілдескенше, сенбедім. "Осылай болып қалды, Мөлдір" деп ол қабырғаның арғы бетінен, "ауырма, бізге керексің" деп мен бергі жақтан телефонмен сөйлестік. Сол күннен кейін Алматы мен Астананың арасында шапқыладық",- дейді Мөлдір Мұқанова. 

Одан кейінгі жағдайды ауыр күрсініп есіне алған Мөлдір Мұқанова "бәрі сұхбатта айтылды ғой",- деп қысқа қайырды. 

Барлық жаңалықтар