"Тыныш жүріңіздер!": Педагогтар мен депутаттар арасындағы дау өршіп барады

"Тыныш жүріңіздер!": Педагогтар мен депутаттар арасындағы дау өршіп барады
Белсенді ұстаз Айман Сағидулла депутаттардың мұғалімдерге қатысты пікірлеріне жауап беріп,
Ерлан Сайыров пен Мұрат Әбеновке қарата сын айтып, мұғалімдерге қысым көрсетуге ешкімнің құқығы жоқ екенін жеткізді деп жазады Democrat.kz.
 
Өз пікірінде Айман Сағидулла: «Мыналар кім сонша? Мұғалімдерде нелерің бар? Депутат болсаңдар өздеріңе. Мұғалімдерге бұлай жасауға құқықтарың жоқ.
 
Сайыров! Әке-шешеңіз бүкіл ауылды тәрбиелегенше, өз ұлын, халқын сүюге, мұғалімін сыйлауға үйретуі керек еді.
 
Мурат Әбенов! Сіз сөйлемей-ақ қойыңызшы. Вице-министр болғанда да, қазір де қатырып жүргеніңіз шамалы.
 
Депутат мырзалар! Тыныш жүріңіздер! Логикаларың жетпейтін жерге ақыл айта бермеңіздер! Өз істеріңізбен айналысыңыздар», деді. 
Барлық жаңалықтар