Уағызшы атеист Төртуылмен дебатқа шықпақшы

 Уағызшы атеист Төртуылмен дебатқа шықпақшы

Қоғам белсендісі Төртуыл Шоқанды оқырмандар Нұржан ұстазбен дебатқа шығуын сұрапты  деп жазады Democrat.kz. 

"Құранның Ниса сүресі 1 аятын Аллаһ "Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар.." деп бастайды.

Адамзат таралуы концепциясының мұсылмандық версиясында  бітпес дау, әлі шешілмеген проблема бар. Адам атаның Әбіл және Қабыл есімді екі ұлы болады. Хауа бұл екі ұлын екі қызбен егіз қылып туған-мыс. (Құранда жазылмаса да болған дейік)

Әбіл Қабылмен туған қарындасын ұнатып, оны қатындыққа алғысы келеді. Ал Қабыл өзімен егіз туған қарындасын өзі алғысы келген.

Бұл спорды шешу үшін әкелері Адам ата екеуіне "Аллаһқа құрбандық шалыңдар, қайсыңдікі қабыл болса, соның дегені болсын" дейді. Содан малы көп Әбіл семіз тоқты шалып, Қабыл бағбан бақшасынан бір бума сабақты жемісін құрбандыққа ұсынады.

Құрбандықтың қабыл болғаны, аспаннан болған нажағай іспеттес құдайдың қай құрбандықты жұтқанынан білетін болыпты.  От бір бума сабақты жеміс жерде қалып, от құдай семіз тоқтыны әкетіпті. Себеп: барымен отдуши бөліскен іс қабыл болыпты. Бұған келіспеген Қабыл Әбілді өлтіреді.

Енді спор қайдан? Мұсылманның бір бөлігі адамзат "ағасы қарындасын туғызып, таратты" десе, екінші бөлігі "Адам атаның ұлдары қарындастарын тудырып—инцестен тарамаған, Адам атаға дейін болған қауымның қыздарынан ұрпақ таратты" дейді.

—Ал Адам ата жер бетіндегі бірінші адам емес пе еді?— дегенге,

—Жоқ, Адам ата өз қауымынан болған бірінші адам дейді. 

Содан не керек, мұсылмандар Адам әлейхсаламнан Нұқ пайғамбарға дейінгі, Нұқтан (Ной) Ибрахимге (Авраам) дейінгі он ата ұрпақ өмірін нақтылай алмайды.

Тек Туәрат пен Інжілде бар оқиғалардың желісін бұрмалап, кейіпкерлер аты-жөндерін арапшалап, өз фантазиялары жемісі— ертегі қиссаларды құранға жазып қойған.

Адам ата мен Хауаға қатысты ең бірінші айтылған өтірікті өміршең қылмақ мақсатта, кейінгі уағызшылар аузымен млрд таған ауызекі өтіріктер айтылып келеді.

Жә, "Тик-Токта" Нұржан ұстаз "любой атеистпен дебатқа шығамын" деп, Сқақтан жеңілгенін қайтармақшы болып жатыр екен. Мені біреулер "бірге-бір шығасың ба?" деп тегтеп жатыр. Нұржан "ұстазға" ең әуелі "Семіздігіңнің "сыры" неде?" деп, жауабы өзіме мәлім сұрақты қойсам қалай, а?

Ол енді әлбетте "Аллаһтың қалауы мен осылай жаралдым.." дер. Сосын, мен өзім семіз адам болғасын, оның "сырын" бетіне басамғой, аха? " жазады Төртуыл Шоқан өз парақшасында.

Барлық жаңалықтар