Танымал уағызшы Нұржан Смағұлов атеистерден кешірім сұрады деп жазады Democrat.kz.
Уағызшы әлеуметтік желіде атеистерді "сиыр" дегені үшін кешірім сұрады. Кешірім сұрағанда да мүләйім халде кешірім сұрады.
"Жаспын ғой, өзімдікін дұрыс деп санаппын. Атеистерді сиыр деп қателесіппін. Дарвиннің ілімін жоққа шығарып, адамның маймылдан жаратылғанын жоққа шығарып, атеистерді сиырға теңеп едім. Мұнан былай атеистерді маймылдан тараған деп айтатын боламын. Бүкіл қазақстандық атеистерден кешірім сұраймын" деді уағызшы.
Бұл сөзімен уағызшы адамның жаратылыс ғылымын мойындап, өздерінің топырақтан балшық етіп илеу туралы сенімін аттағанын байқамаса керек. Қалай десек те, қатесін мойындап, басын иіп кешірім сұраған уағызшы бұдан былай аузына ие болып жүретінін де жұқалап жеткізгеніне рақмет. (Мақаланың өңін өзгертіп, өзінікіндей етіп, сілтемесіз ұрлап жариялайтын сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)