Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі жағдайы жұртты қорқытты

Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі жағдайы жұртты қорқытты

Әлеуметтік желіде танымал сатирик Уәлибек Әбдірайымовтың видеосын көргендер әртістің қазіргі жағдайын көріп, алаңдаушылығын білдіріп, қорқыныштарын жасырмады деп жазады Democrat.kz.

Уәлибек Әбдірайымов үйдің ауласына төселген тас төсеніштерді тазартатын фирманың жарнамасын жасап, видео жариялады. 

Алайда жұртты сатириктің жарнамасы емес, өте қатты арықтап кеткені мен тіпті даусының өзі өзгергені елеңдетті. 

"Уәлибек ағада диабет бар сияқты", "қатты азып кетіпті", "ағамыз шөгіп, қартайып кетіпті", "жүдеп кетіпті, тіпті дауысы да басқаша болып кеткен", "аман жүрсінші", "тезірек сауығып кетіңіз" деген пікір жазып жатқан жұртшылық сатирикке алаңдаушылықтарын білдірде. 

Барлық жаңалықтар