"Ұяламын" деген Тұрсын Алагөзов балаларынан кешірім сұрады

"Ұяламын" деген Тұрсын Алагөзов балаларынан кешірім сұрады

Айсәуле Бақытбекқызына берген сұхбатында танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов балаларына қатысты жайттарды сөз етіп, өзінің не үшін ұялатынын жеткізді деп жазады Democrat.kz.

"Қазір екі кішкентай қызымызды өсіріп отырмыз. Баянды бұған дейін әйел ретінде танысам, ал қазір нағыз ана ретінде танып жатырмын. 

Баян біздің екі қызымызға керемет ана болатынын айтудан жалықпаймын. 

Ал мен Алиса мен Алма өзімді қатты өзгерткенін, басқаша сезімге бөлегенін айтар едім. 

Бұрын да бірінші некеден балаларым болды ғой. Оларды да өсіріп, тәрбиеледім. Алайда мен олар дүниеге келгенде арнайы перзентханаға бармағам. Оларды перзентханадан шығарып алмағам. 

Қазір сол үшін қатты өкінемін, ұяламын. Бірінші некедегі балаларым дүниеге келгенде, жұмыспен басқа жақта болдым ба, есімде жоқ, әйтеуір перзентханадан шығарып алмағам. 

Әмина, Арсен балаларымды перзентханадан шығаруға бармағаным үшін ұяламын және олардан осы үшін кешірім сұраймын" деді Тұрсын Алагөзов. 

Барлық жаңалықтар