"Ұятты болдым...әкем жылады" деген блогер енді ешқашан тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді

"Ұятты болдым...әкем жылады" деген блогер енді ешқашан тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді

Қазақстандық блогер бір емес, екі рет отбасы құрып, опық жегенін айтып, енді тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

"Енді ақ көйлекті киіп, отбасылық өмірге қадам баспаймын. Ақ көйлекті үстімнен тек түсірілімдерден ғана көресіздер. Ойлана келе, енді отбасылық өмірге аяғымды аттап баспаймын дедім.

Алдағы уақытта қандай шешім қабылдап, өмірімнің бағыты қай жаққа бұрылғанын көре жатарсыздар. Бұдан кейін мен махаббатқа да, сезімге де, адамға да сенбеймін. Ата-анаммен отырып ашық сөйлестім.

Әрине, алдарында ұятты болдым. Себебі, екінші рет ажырасып отырғасын, әкем мен шешемнің көңіліне тағы қаяу түсірдім-ау. Бұдан бұлай, жаңа отбасы құрып, тұрмыс құру туралы жақ ашпаймын. Оnық әбден жeдiм. Бoлap. 

Әкемнің бір сөзі тамағымды тұрыn қалды “Caған қызымды осылай жылaтy үшiн бердім ба? Менің жасыма келгенде, менің және әкеңнің ішкі жан-дүниесі қандай болып жатырғанын сезінерсің” Деп көзіне жас алған сәті…

Сол кезде, менің әлемім көз алдымда құлады. “Өзіммен өзім тұрмыс құрмай-ақ жүре беруім керек еді. Неге ocы адамға ceнin, ekiнші рет шалыс бастым екен?!” деген ой маза бермеді. Әкеме “енді тұрмыс құрмаймын” деп уәде бердім… 

Болары болды,
Бояуы сіңді.

Мен мынадай күйден шығыn keткенше, шыдамдық таныта тұрыңыздар… Екінші рет қате таңдау жасағанымды қабылдай алмай, өз-өзіммен kүpecin, өзіме симай жатырмын. Бір жағынан гормондарым қатты ойнan, көңілшек болып жатырмын-ау"деп жазды блогер Салтанат.

Барлық жаңалықтар