Танымал журналист, дизайнер Кенжетай Айтбакиев өзінің парақшасында марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қалай ажал құшқаны туралы макет видеосын жариялады деп жазады Democrat.kz.
Анимациялық видеода Зәкеңнің манекен макеті креслода отырғанын, артынша қолындағы тапаншамен өзін атқанын көруге болады.
Креслодан сырғып түскен манекен сол жерде жан тапсырғанын байқауға болады. Әйтсе де, полицияның құрастырған бұл анимациялық видеосына қатысты пікір білдірген танымал тұлғалар бұған сенбейтінін ашық айтады.
Сонымен қатар видеоның астына жазылған пікірлерде де "Зәкең өзін өлтірмеді" деген пікірлер жазуда.