Заңгер Айгүл Орынбек Мәжіліс төрағасына арнайы сауал жолдап, ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.
"Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мырза!
Ауылда тұрмайтын депутат ауылдың жағдайын қайдан біледі?
Түркістан облысында мәслихат депутаттарының көбі қалада тұрады, бірақ ауылдың депутаты болып «тағайындалған». Иә, «сайланды» деп өтірік жазбай-ақ қояйын.
Сосын бәріміз бір ауыздан «Ауыл дамымайды! Жастар ауылдан қашады!» деп байбалам саламыз.
Енді неге қашпасын, ауылдың өз депутаты ауылдан безіп кеткенде?!
Жастарға не деп ренжиміз — үлгі көрсетер ағаларының өздері джиппен қалада тайраңдап жүрсе?!
Бүгінде кейбіреулер үшін «ауылдық депутат болу» — тендер алу мен жергілікті бюджетті бөлісіп жеудің ең қысқа жолы.
Сол себепті, құр сөз емес, нақты заңға өзгеріс енгізу керек:
Ауылда тұрмайтын адам ауылдық округтің депутаты бола алмайды!
Өйткені ауылға депутат болу — джип мініп, аптасына бір рет келіп «проблеманы ақшамен шешіп кету» емес!
Ауылға депутат болу — сол ауылдың тіршілігін, тұрмысын, суын, жолын, қоқысын, малын, мектебін біліп, сол халықпен бірге өмір сүру!
Қазір әлеуметтік желіде хит болып жүрген Бәйдібек ауданының «Аманат партиясының депутаты» бар
сол кісінің жүрген жерінің геолокациясын қарап көріңіздерші, қаладағы кафелер мен салтанатты кештердің картасы шығып қалар бәлкім!
Жол ережесін де ауданда емес, Шымкентте өрескел бұзған депутатқа жай ғана сөгіс беріп қоя салу —осы сіздіңше, Ерлан Қошанов мырза, дұрыс па өзі?
Айтыңызшы, ауылдың депутаты ауылда тұрмаса, ауылдың мәселесін кім шешеді сонда? Әлде қашықтан, wi-fi арқылы шеше береді ме?
Әлде “крышалары мықты депутаттар” марста жүрседе бола бере ме?" Деп
жазды Айгүл Орынбек.