"Зымиян ойым болмады": Мәжіліс депутаты халықтан кешірім сұрады

"Зымиян ойым болмады": Мәжіліс депутаты халықтан кешірім сұрады

Бірнеше күн бойы әлеуметтік желілерде депутаттың «Қазақ тілі – кедейлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі. Кіжін сіңір! Ашулан кедей» деген жазбасы қызу талқыға түскен болатын. Осыған қатысты депутат Самат Нұртаза жауап берді деп жазады Democrat.kz. 

"Соңғы күндері әлеуметтік желіде талқыланып жатқан "коммент-пікіріме" байланысты түсіндірме берейін.
 
Бұл 2019-2020 жж. тіл төңірегіндегі дискуссияда жазған комментарий болатын.
 
Ол тұста белсенді блогер ретінде, тіл мәселесіндегі диспутқа араластым.
 
Негізгі ойым – осы пікір арқылы тілге деген құрметті күшейту үшін, керісінше мағынада жазылған ой болған.
 
Яки, шүйліккеннен, эмоцияға берілгеннен, ашынған ойым еді.
 
Ешқандай зымиян ойым болмады, керісінше сол жылдардағы өзімнің басымнан өткен нақты жағдайларды мысалға келтірген сөздерім еді.
 
Тіпті мемлекеттік қызметте де емес едім сол жылдары.
Егер бұл комментарийім біреудің ар-ожданына тиіп кеткен болса, ресми кешірім сұраймын.
Мақсат ортақ – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру!"деді Самат Нұртаза. 
 
Еске сала кетейік, депутаттың бұл жазбасының скрині әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, тіпті кейбіреулер "депутатты сотқа беру керек" деп бастама да көтерген болатын. 
Барлық жаңалықтар