"... қыңсылаған қаншықтар күйлеп жүр-ау" деген журналист сұмдық жайтты айтты

"... қыңсылаған қаншықтар күйлеп жүр-ау" деген журналист сұмдық жайтты айтты

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде "Абай мен Ділданың "неткен" бөлмесі" деген журналист Әлия Әшімнің орынсыз қалжыңы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізге салып өтейік, тарихи сапарлардың бірінде ол Абай мен оның жары Ділдәнің тұрған үйін көрсете жүріп, видео барысында: "Абай мен Ділдә неткен бөлме" – деп әзілдеп сөйлеген еді.

Әлия Әшімнің осы сөзіне қатысты журналист әріптесі Сәуле Әбілдаханқызы: 

“Сол қыңсылаған қаншықтар күйлеп жүр-ау... о бастан суқаным сүймейтін екеуін де... қарамайтынмын да, тыңдамайтынмын да... білгішсініп, данышпансып, өршелене, тәкәппарлана, менменсіне сөйлейтін тексіздердің түбін бірден танитын болдық қой... "ойбай, не дейсің, солар данышпан" деп жүргендер де ендігі таяздығын таныған шығар...

 Абай мен Ділдәдан да, әдебиет пен тарихтан да садаға кеткірлер... 19 ғасырдағы Абай мен Ділдәні 21 ғасырдағы қарны тоқ, киімі көк, азып, қышынып жүрген өздеріндей көреді ғой... Айтпақшы, өздері байға тиген бе? Күнде нетіп жүрсе де, қанбай жүрген сияқты ғой...” деп жазды.

Барлық жаңалықтар