"103 жылдық мектепте бала тоңып отыр": Ал министрлер "диджитал мектепті" аралап, шауып жүр

"103 жылдық мектепте бала тоңып отыр": Ал министрлер "диджитал мектепті" аралап, шауып жүр
Белсенді педагог, білікті ұстаз Сұлтан Сүлеев еліміздегі күрке там типтес мектептің барын еске салып, бұл мектептің мәселесін шешуге ешбір министрдің қауқары жетпей отырғанын айтады деп жазады Democrat.kz. 
 
Өзінің әлеуметтік желі парақшасында Сұлтан Сүлеев былай деп жазды: "Ойланып отырмын.
Білім саласының қай министрі күрке там сияқты,мынандай мектепке барды екен?
 
Сондай министр бар болса жазыңыздаршы. Ерінбей барып қолын алып алғыс айтайын. Мен білетін министрдің барлығы жаңа ашылған мектепке ,немесе крутой лицей-гимназияларда жүріпті.
 
Асхат ,Ғани,Жұлдыздар да тек осылай жарқыраған мектептерде суретке түсіпті. Ол жерге несіне барады? Ондай мектепті ашуға екі-үш апа-ата жарап жатыр. Шашу кәмпитін шашып, ашып ,батасын беріп қайтады.
Министр проблемалық мектептердің мәселесін шешуге қойылған жоқ па?
 
Кәзіргі министр келешек мектеп, диджитал мектеп ,
республикалық мектептерін ашуына қатысып қолы тимей жүр. Фото-видеолар, софиттер,риза халықтың алғысы. Реитинг.
 
Айналайын Жұлдыз, "через раз" мынандай мектепке неге бармайсыз еш болмаса. Сізді сол үшін қойған жоқ па?
 
Еш болмаса Қонаевтағы Арайлым Төлеубековаға неге айтпайсыз? Облыс әкіміне неге батыл ұсыныс жасамайды.? Өзіне коттедж соғып бер деп айтпайды ғой. Халықтың баласы үшін сұрайды..
 
Неге сол балаларды 103 жылдық мектепте суықта ұстап отыр ?
 
Сіздің пресс-қызмет ,өзіңіз де оқыдыңыз менің осы мектеп туралы жазғанымды.
Неге бір жауап бермейсіз.?
 
Еш болмаса Ғани сияқты ,,өтінішіңіз тиісті органдарға жіберілді " деп шығарып салып..
Ата-аналар енді президентке жазып жатыр.
 
Министр мен әкім шешпесе Қ К Тоқаев шешетін шығар?
Хаттан бір үзінді:
 
Мектеп ғимараты апатты жағдайда:
– Жауын жауса, төбеден су өтеді, сыныптардың іші су болады;
– Қабырғалары шытынап, жарықтар пайда болған;
– Төбенің сылағы кез келген сәтте құлап, оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіреді;
– Қыс мезгілінде сыныптардағы температура 8–10 градусқа дейін төмендейді;
– Оқушылар суықта сырт киіммен, күртеше киіп отырып сабақ оқуға мәжбүр;
– Электр жылытқыштарын қолдану өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзады;
– Ғимарат сейсмикалық талаптарға мүлдем сәйкес келмейді. 
 
Барлық жаңалықтар