12 жасар бала алаяқтарға алданып, отбасының бүкіл ақшасын жем қылды

12 жасар бала алаяқтарға алданып, отбасының бүкіл ақшасын жем қылды

Минск қаласында оқушы алаяқтардың арбауына түсіп, тұтас отбасын үйсіз, ақшасыз қалдырды деп жазады Democrat.kz.

12 жасар бала телефонына келген смстерге жауап бере отырып,  баспана аламыз деп әкесі жинаған бүкіл ақшаны алаяқтарға жем қылған. 

Оқиға қалай болған? 

Алаяқтар балаға хабарласып, банк қызметкері екенін айтып, баланың әкесі мен шешесіне хабарласа алмай жатқандарын айтады. 

"Есепшоттағы ақшаны қорғау керек" деген алаяқ телефонға келген смс кодты сұрайды. 

Әрі қарай баланы түрлі жолдармен қорқытып, үйлерінде ақша бар екенін анықтайды. Қорыққан бала үйде 22 000 доллар және 9 000 белорус рубльінің барын айтып қойған.

Кейінірек бала алаяқтардың нұсқауымен үйден сол ақшаны алып шығып, олар айтқан жерге қойып кеткен. 

Ақшаны Осипович деген адам келіп алған. Өкінішке қарай, Осипович те алаяқтардың "басқаруымен" осындай қадамға барған. 

Пәлен жердегі ақшаны курьерге беріп жібермесең атыңа кредиттер алынады деген алаяқтың қорқытуына сенген Осипович дегендерін орындайды. 

Осылайша алаяқтар екі адамды сазға отырғызып, ал бір отбасыны үй аламыз деген арманынан айырды. 

Барлық жаңалықтар