Павлодар облысында 2012 жылы жасалған ауыр қылмыстың күдіктісі 14 жылдан кейін анықталды. Тергеушілер мұрағаттағы биологиялық материалдарды қайта зерттеп, ДНҚ сәйкестігін тапқан, деп жазады Democrat.kz.
Қылмыс 2012 жылы Павлодар облысындағы бау-бақша қоғамдарының бірінде болған.
62 жастағы әйел зорланып, кейін өлтірілген.
Сол кездегі тергеу барысында айғақтар мен биологиялық материалдар жиналғанымен, қылмыскерді анықтау мүмкін болмаған.
Іс кейін қайта қаралып, сақталған материалдарға заманауи молекулалық-генетикалық сараптама жүргізілді.
ДНҚ зерттеуі нәтижесінде полиция күдіктіні анықтап, оны ұстады.
МВД бұл істі бұрын ашылмаған ауыр қылмыстарды жаңа криминалистикалық технологиялар көмегімен қайта тексерудің нәтижесі деп атады.