Астанада небәрі төрт күн ішінде 150 мыңға жуық SMS жіберуге мүмкіндік берген құрылғымен байланысты күдікті схема анықталды. Іс бойынша шетелдік азамат күдікке ілінді, деп жазады Democrat.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті арнайы SMS-бластерді пайдаланған болуы мүмкін.
Мұндай құрылғы қысқа уақыт ішінде өте көп телефон нөміріне хабарлама жіберуге мүмкіндік береді және фишингтік схемаларда пайдаланылуы ықтимал.
Төрт күн ішінде шамамен 150 мың хабарлама жіберілгені хабарланды.
Қазір құрылғының нақты қандай мақсатта қолданылғаны мен одан зардап шеккендердің бар-жоғы тергеу аясында анықталуда.