"20 жыл бұрын дәл айтқан": Н.Назарбаевтың дінге қатысты болжамына жұрт бас шайқап, таңғалуда

"20 жыл бұрын дәл айтқан": Н.Назарбаевтың дінге қатысты болжамына жұрт бас шайқап, таңғалуда

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті бір сұхбатында дінге қатысты айтқан пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр деп жазады Democrat.kz.

Біраз ескі заманда берген бұл сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Ислам мемлекеті болуы мүмкін бе?" деген сұраққа: "Ислам Каримовтың Ислам діні аясында елдерді бір одаққа біріктіру туралы идеясын қолдамаймын. Себебі, Қазақстан - ешқашан Ислам мемлекеті, діни мемлекет болмаған, болмайды да. 

Иә, қазақ халқы әу бастан өзін мұсылман санайтын халық. Алайда тұтас діни елге Қазақстан айналмайды. Себебі біздің елде түрлі діннің өкілдері тұрады. Сондықтан мұндай діни ел болу идеясын мен қолдамаймын. Егер діни ұстанымға қатысты бірігу процесі болса, көрші елдер арасында қырғын басталуы әбден мүмкін", - деп жауап берген. 

Н.Назарбаевтың ескіде айтылған осы пікіріне бүгінгі қазақстандықтардың басым бөлігі "өте дұрыс айтқан", "нағыз шындық осы", "мықты президент еді", "20 жыл бұрын айтқандары дәл қазір айна қатесіз келіп жатыр ғой", "мәссаған, расымен 20-30 жыл бұрын болатын дүниені болжап кеткен екен ғой! Қазір дәл осы айтқан қырғындар болып жатқан жоқ па? Дін үшін өз қазағымыз бір-бірін талап жатыр. Дін деген ел ішінде алауыздық тудыратынын бұл кісі  анық болжап, білген екен. Мықты ақылды адам" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар