2025 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тек дамуына ғана емес, оның әлемге танылуы мен елдер арасындағы татуластыққа ерекше мән берді. Оған қоса еліміздің ішкі жағдайының тұрақталуына атсалысты деп жазады Democrat.kz.
Жалпы бір жыл ішінде Президенттің ең көп талқыланып, елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайын өзгертуге айырықша үлес қосқан сәттерді бөлек айта кетсек:

АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті
Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды.

Бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Сенім грамоталарын Кипр Республикасының елшісі Петрос Накузис, Жапония елшісі Ясумаса Ииджима, Қытай Халық Республикасының елшісі Хань Чуньлинь, Австрия Республикасының елшісі Андреа Бахер, Буркина-Фасо елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсоба, Лаос Халық Демократиялық Республикасының елшісі Сипхандон Ойбуабудди, Жаңа Зеландия елшісі Марк Джулиан Трейнор, Дания Корольдігінің елшісі Йеспер Вар, Словения Республикасының елшісі Аленка Сухадолник табыстады.

Отандық бизнес өкілдерімен кездесті
Президент айқындаған стратегиялық міндет – экономиканы нығайту арқылы Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін сақтау және күшейту. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл міндет ұлттық идеяның маңызды элементіне айналуға тиіс.

«Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі
Форумда «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова Президентке ұйымның осыған дейін атқарған игі істері мен азаматтық бастамаларын таныстырды.

ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының айтуынша, ҚХР Төрағасы қазақ жерінде қай кезде де қадірлі қонақ саналған, ал оның бұл жолғы сапары – шынайы әрі мызғымас достығымыздың айқын көрінісі.

Президент түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншекке жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды

Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті
Кездесуде Қазақстанның Еуропа Одағымен санқырлы ықпалдастығының перспективасы талқыланды.

Жапония Императоры Нарухитомен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.

Қазақстанда никаб киюге ресми түрде тыйым салынды
Енді заңда көзделген кейбір жағдайларды қоспағанда қоғамдық орындарда бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім-кешектерді киюге болмайды

Эстония президентімен келіссөз жүргізді
Президент: Эстония – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Біз эстон халқының тарихына, дәстүріне және мәдениетіне құрметпен қараймыз. Екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Мемлекеттеріміз арасында түйткілді мәселе жоқ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді
Ұлттық құрылтай отырыстарында көтерілген жалпыұлттық құндылықтардың тізбесі енгізілді. Жалпыұлттық бірегейлікті танытатын ұлттық нышандар жүйесі жасалды.
Бұл фоторепортажда елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалар, Мемлекет басшысының бастамалары мен халықаралық кездесулері көрініс тапты.
Жыл бойы қабылданған шешімдер Қазақстанның дамуына, тұрақтылық пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Кадрлар арқылы тарихи сәттер мен нақты істер айқын көрсетілді.