Саланы одан әрі дамыту туризмді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде жүргізілетін болады. Жаңартылған жоспар 6 бағытты қамтиды, оның ішінде 61 іс-шара бар деп жазады Democrat.kz.
Қосымша 2026-2029 жылдарға арналған Жол картасы дайындалды, онда тағы 119 іс-шара көзделген. Мақсатты бағыттардың бірі – 2029 жылға қарай ішкі туристер санын 11 миллион адамға дейін арттыру.
Туристерге ұсынылатын бағдарламалардың әр алуан болуына ерекше назар аударылып отыр. Қазірдің өзінде әдеттегі бағыттардан бөлек, елімізде экотуризм, агротуризм, автотуризм, ат спорты маршруттары, гастрономиялық және іскерлік MICE-туризм дамытылуда.
Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер туризмі жолға қойылуда, ол соның ішінде саяхатты білім беру бағдарламаларымен біріктіретін «Табиғат сабақтары» жобасы арқылы дамитын болады.
Дереккөз: Үкімет