Танымал экономист Айбар Олжаев қоғамды шулатқан мәселеге қатысты болжам жасады деп жазады Democrat.kz.
"2050 жылдары бірнеше күйеу алуды заңдастыруымыз мүмкін. Егер бәрібір соған келетін болсақ, онда оның экономикалық параметрлерін қазірден бастап ойластырайық.
Бірінші күйеу - бәйбібай статусына ие болады да, отбасының қаржылық шығындарынан босатылады. Тапқанын өзіне, киімі, тамағы, баня мен балық аулауға жұмсайды.
Екінші күйеу - тоқабай статусын алады. Ол үйдің продуктылары мен коммуналкасын төлейді. Үшінші күйеу - көңілбай статусы. Ол үйдің кредиттері мен қонақ, кафе шығындарын төлейді" деп жазды Айбар Олжаев Threads парақшасында.