Малидің 25 жастағы тұрғыны бала табудың әлемде болмаған рекордын орнатты. Дәрігерлер алғашқы УДЗ бақылауында Халиме Сиссенің жатырында жеті бірдей сәби барын анықтаған. Алайда Халиме Сиссе толғатып, босанғанда жағдай мүлде басқаша болған деп жазады Democrat.kz.
Малиден келген 25 жастағы Халиме Сиссе әдеттегі ультрадыбыстық зерттеуден өтпек болып, дәрігерге жүгінеді.
Бұл Халименің екінші жүктілігі екен. УДЗ жасап отырған дәрігер бірер минуттан кейін түкке түсінбей, аңтарылып қалады. Себебі УДЗ толқынында бір емес, жеті бірдей жүрек соғысын естиді.
Мына жағдай тек дәрігерді ғана емес, ақпарат құралдары арқылы тарап, басқаларды да таңырқатады.
Жүктілігінің 30-шы аптасында Халимеде мерзімінен бұрын босану басталады. Оны шұғыл түрде Мароккоға жіберіп, бұл жағдай мемлекеттік деңгейде назарға алынады.
Жеті бірдей сәбиді босандырып алу мүмкін емесін түсінген дәрігерлер Халимеге күрделі ота жасауға шешім қабылдайды. Операция 35 маманның қатысуымен өтіп жатқанда, ешкім күтпеген жағдай болған.
Халим емесқұрсағында жеті емес, тоғыз сәби бар болып шығады. Екі сәби УДЗ толқынында көрінбеген. Осылайша Халиме 4 ұл және 5 қызды дүниеге әкеліп, рекорд орнатты. Сәбилердің салмағы 500 грамм.
Сәбилердің бәрі дәрігерлердің бақылауында өсіп жатыр. Ал Халиме бір сәтте тоғыз баланы өмірге әкелген ана ретінде рекорд жасады.