Таяуда ғана өзінің 30 жыл бұрын зорланғаны туралы мәлімдеген танымал блогер Наташа Қалымбетова сол зорлықтан кейін қыз туғанын айтты деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, Наташа Қалымбетова былайғы жұртқа "Нати" деген атпен танымал блогер. Ол жақында өзінің зорлық құрбаны болғанын әлеуметтік желіде айтып, отыз жыл бұрынғы қылмыстық істің қайта қозғалуына түрткі жасаған.
Натидің айтуынша, өзіне сол зорлық жасалғаннан жылдан кейін жүкті болып, дүниеге қыз әкелген.
Сұмдық оқиға қалай болды?
1994 жылы қарашада 17 жасар Наташа Қалымбетова сыныптастарымен бірге үйде өткен "вечеринкада" болады. Қыз үйге кетіп бара жатқанда, оны төрт жігіт ұстап алып, бетіне ұрып, құлатып, білгенін істейді. Қыз Жайық өзенінің жағасында оянады, әлгі жігіттер түні бойы оны қорлап-аяусыз ұрып-соғып, зорлаған. Наташаның айтуынша, зорлаушылардың бірі оны қайтадан ұрып-соғып, қорлап, өлсін деп лақтырып тастаған.
Біраз уақыттан кейін қыз жүкті екенін біледі. Анасы не болғанын білгенде, оған үндемеуді және бұл туралы ешкімге айтпауды ескертеді. Мектептен кейін Наташа Орал қаласына барып, педколледжге түседі.
1995 жылы 30 желтоқсанда Натидің қызы дүниеге келеді, оны Анжелика деп атаған екен.
"Мен жүкті болған 9 айдың ішінде ішімді жек көрдім, өзімді жек көрдім. Мен өмір сүргім келмеді. Менімен болған бұл оқиғаны үнемі есіме түсірдім. Мен бұл баланы жақсы көре алмадым", - деп есіне алады әйел.
Сәбиінен не үшін бас тартты?
Туылғаннан кейін Наташа баладан бас тартуға қолхатқа қол қояды. Алайда, перзентханада болған кезде ол сәбиін емізіп жүріп, қатты бауыр басқанын біледі.
"Ол туылғаннан кейін перзентханада 9 күннен кейін дәрігерлер менің оны жақсы көретінімді және бас тартқым келмейтінін көрді. Олар мені түсінді, маған баламды ешкім алып кетпейтінін айтты. Менің үйім, жұбайым, жұмысым, білімім жоқ болғандықтан, мен қызды ала алмадым. Олар: "3-4 жыл ішінде үйленіп, оқуыңды бітіріп, балаңды аларсың. Ол Орал қаласында болады»деп сендірді", дейді.
Нати сәбиін қасында қалдырудың бар жолын қарастырған. Әйтсе де, жатақхана баламен кіргізбейтінін бірден кесіп айтады.
Ағасы мен жеңгесіне өтініш жасағанымен, олар да ол сәбиді әкелмеуін айтады.
Осылайшы Натидің қызы балалар үйіне өтіп кетіп, ақырында ол жерден бөтен отбасының асырап алғанын біледі.
Натидің тастанды қызы табылды
Енді, 30 жылдан кейін блогер сол сәбиін іздеп тапқысы келетінін мәлімдеді.
"Мен оның тірі екенін, дені сау екенін, онда бәрі жақсы екенін білгім келеді. Мен тек жанымның жарасын тыныштандырғым келеді. Егер оған бірдеңе болса, мен өзімді ешқашан кешірмеймін", – деді Наташа журналистерге.
Жүргізілген іздестіру жұмыстары Натидің қызын америкалықтар асырап алғанын анықтады. Оның есімі – Анджелика Николь Боуг.
"Менің мақсатым-қызымды табу, содан кейін маған зорлық жасағандарды жазалау", – деді Наташа.
Ол ондаған жылдардан кейін қорқынышты түс туралы айтуға шешім қабылдағаннан кейін, оның жақындары оны айыптай бастағанын мойындайды. Бірақ соған қарамастан, әйел әлі де қолдауға үміттенеді.