30 тамыз енді Конституция күні болмайды

30 тамыз енді Конституция күні болмайды

Республикалық референдумда жаңа Ата заң қабылданған жағдайда, елімізде Конституция күні де өзгертілмек, деп хабарлайды Democrat.kz. 

Бұл туралы республикалық БАҚ-та жарияланған жаңа Конституция жобасының 94-баптың 2-тармағында көрсетілген.

«Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады», - делінген құжатта.

Жаңа Конституция қабылданған жағдайда Парламент өз өкілеттігін 1 шілдеден бастап тоқтатады
Елімізде жаңа Конституция күні пайда болмақ — саясаттанушы 
Айта кетейік, 15 наурызда Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді.

Сондай-ақ Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясы 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады. 

 

Барлық жаңалықтар