Қырғыздың танымал уағызшысы, діндар, Өзбек Чотоновтың сұхбаты тек қырғыздардың ғана емес, басқа ұлт өкілдерінің де ренішін оятты деп жазады Democrat.kz.
Өзбек Чотонов өзінің діндарлығы мен отбасылық жағдайын эвирден мақтана айтып: "Төрт әйелім бар. Төрт әйелім үшін мен кәдімгі Сұлтан Сүлейменмін. Үйде мен "хозяинмін".
Әйелдерім не айтсам, соны орындайды. Қыздарым да солай. Мұның бәрі менің басқара алуымның құпиясы. Еркек басқара білуі керек", дейді.
Білдей қажының бұл айтқандарын өз қандастары сынап, заңды жауапқа тартуды талап етуде.