413 млн теңге: Алмас Алтай Дина Елгезек туралы сұмдық нәрселерді айтты

 413 млн теңге: Алмас Алтай Дина Елгезек туралы сұмдық нәрселерді айтты
Әлеуметтік желіде Алмас Алтайдың қоғам белсендісі, журналист Дина Елгезек туралы жазған жазбасы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
 
Ел мүддесі үшін өткір пікір білдіріп жүрген қос азаматтың арасындағы дау жаңа Конституцияны қолдау, қолдамауға байланысты шыққан.
 
Өз жазбасында Алмас Алтай: "Мен Динаға қараптан-қарап өзім ұрынғам жоқ, жөнсіз, жолсыз жерде өзім тиіскем жоқ, бастаған апымның өзі!
 
 "Бақсам бақа екен" демекші, ол тиіскен соң мен де қарап отырмаймын. Мен де оның қытығына тиетін аргумент іздеймін, енді біреу құсып жатса, қарап отыра берем бе?
 
 Қиналудың қажеті жоқ екен, сайттарда, инстаргамда, телеграмда орысша да, қазақша да материалдар жеткілікті екен:
 
 Схема былай дейді: Дина апамыз әділеттің ақ туын жалғыз көтеріп, Ақорданың, Үкіметтің, әкімдіктердің барлық жұмысын сынап, қырып, жойып отырады. Тырнақ астынан кір іздеп, сәл қателік кетсе болды - түбіне жеткенше қазады.
 
 Бұдан соң іске оның күйеуі, жездеміз кірісетін көрінеді. Өңірлерге барады, мемтапсырыс алады, кітап шығарады:
 
 Алматы облысынан 112 000 000₸;
 Маңғыстау облысынан 92 000 000₸;
 Қызылорда облысынан 81 000 000₸;
 Жамбыл облысынан 67 000 000₸ алған... Пажалсты, 350 000 000 теңге!!!
 
 Құрметті облыс әкімдері, 350 000 000₸ жұмсап шығартқан кітаптарыңды көруге бола ма? Қандай кітап ол сонша қымбат???
 
 Телеграм арналарда Елгезектердің алған ақшалары әр түрлі сомада жазылған: бір жерде "жиыны 413 000 000₸ алған" деген де жазу бар...
 
 Енді ең қызығы - анау жоғарыда Ақберенге ақша берген төрт облыс туралы Дина апамыз жұмған аузын ашпайды ғо, нөл ғо!!!
 
 Сонда не болд бұ? Халықтың қамы ма, қалтаның қамы ма Динаның сынауы? Шын елдің жайы күйттеліп жатыр ма, әлде, мемтапсырыс үшін жанталас па?
Осыны ойланып көрдіңдер ме, Ағаен?"деп жазды өзінің парақшасында. 
Барлық жаңалықтар