"500 000 теңге беруге дайынмын" деген әнші Мақпал үндеу жасады

"500 000 теңге беруге дайынмын" деген әнші Мақпал үндеу жасады

Мақпал Жүнісова әріптестерін Арман Дүйсеновтің отбасына көмектесуге шақырды, деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желі арқылы ел алдына шыққан Халық әртісі алдымен Баян Мақсатқызына құлаққағыс жасады. 
«... Кезінде Арман Дүйсенов Баян Мақсатқызын қатты сыйлаған азаматтардың бірі. Көп жобаларына да ат салысқан Арман Дүйсенов еді. «Кешьюдің» аранжировкасы мен мықты әндеріне дейін жазып берген.

Сосын Баянды «досым» деп айтатын. Сондықтан тек Баянға сеніп отырмын. 
Баянжан, бірдеңе қылып бір үй алып беріңіздер. Жарты ақшасын мүмкін біз жинап берерміз. Мен өзім екі тойға барып, соның ақшасын берейін көмек ретінде. Бірақ қалғандары бере ме, бермей ме айта алмаймын.

Бір жағынан Арман өзіңнің жерлесің, Оралдың азаматы. Алла да, әруақ та разы болсын. Бір пәтер алып берсеңіздер сіздердің абыройларыңыз асқақтайды деп ойлаймын. Халықтан ақша жинамай-ақ қояйық. Ұят болатын шығар», – деді Жүнісова.

Мұнан бөлек, Мақпал Жүнісова видеосына қатысты жазылған пікірдің біріне "500 мың теңге беруге дайынмын" деп жауап жазды. 

Барлық жаңалықтар