54 келіге арықтаған: Салтанат Әзірбек қалай арықтағаны туралы құпиясын ашты

54 келіге арықтаған: Салтанат Әзірбек қалай арықтағаны туралы құпиясын ашты

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек қалай арықтап, салмағын азайтқаны туралы айтты деп жазады Democrat.kz.

"Он жыл бұрын да салмағымды азайтқанмын. Алайда қайта қалпыма келдім. 

Қазір жүйелі түрде спортпен айналысып, тамақтану режимін қолға алдым. Жұмысым таңғы жетіде басталады. Мен үйден таңғы төртте шығамын. 

Сосын жаяулатып, жұмысқа барамын. Кемі он үш мың қадам жүремін. Жүру кезінде мидың жұмысына да жақсы әсер етеді. 

Фастфуд дегенмен әу бастан әуес емес едім. Бір жыл бойы ұннан жасалған тағамдарды жемедім. Кейде ет тамақтың қамырын жегің келеді. Бастапқыда әрине, қиын болды. 

Тойларға, жиындарға барғанда ұннан жасалған тағамдарды тартынып жеуге тырысамын", деген департамент өкілі денсаулығының да жақсарғанын айтады. 

Барлық жаңалықтар